Истамкулова Макпал Абдихашимовна

"Мойдодыр 777" бөбекжай бақшасы

Истамкулова Макпал Абдихашимовна

Меңгеруші

          Мен, Истамқұлова Мақпал, 1986 жылғы 14 маусымда Түркістан  облысы, Төрткүл елді мекенінде  дүниеге келдім.

   1992-2004 жылы аралығында Түркістан обылысында, Төрткүл елді мекеніндегі,  «Көкарал» орта мектебін бітірдім.

   2004-2008 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы,  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде  «Жаратылыстану» факултетінің «Биология»  мамандығын игердім.

   2008- 2012  жылдар аралығында  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы  колледжде  «Биология» пәні мұғалімі  қызметін атқардым.

   2018-2025  жылдар аралығында  «Бақжан» бөбекжай бақшасы ЖШС-нің «Мойдодыр» филиалында аға тәрбиеші болып жұмыс жасадым.

   2025 жылы біліктілігімді жетілдіріп, «Педагог- мадератор» санатына ие болдым.      

   2025 жылдан бастап   қазіргі уақытқа дейін «Мойдодыр 777»  бөбекжай бақшасы ЖШС-нің  меңгеруші қызметін атқарудамын.

Менің ұстанымдары:

         •        Жауапкершілік пен тәртіпті қамтамасыз ету.

                     Заңдылық пен әділдікті сақтау.

         •        Ұжыммен ашық әрі тиімді қарым-қатынас орнату.

         •        Қызметкерлердің пікірін ескеру және ынтымақтастықты дамыту.

         •        Шешімдерді уақтылы әрі негізді қабылдау.

• Қызмет сапасын үздіксіз жақсартуға ұмтылу.

Менің бақшадағы басты міндеттерім:

         • Балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуін қамтамасыз етеді.

         • Тәрбие мен білім беру жұмысының сапасын ұйымдастырып, қадағалайды.

         • Тәрбиешілердің кәсіби жұмысын қолдап, олардың біліктілігін арттыруға жағдай жасайды.

         • Ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, бірлескен тәрбие жұмысын үйлестіреді.

         • Балалардың адамгершілік, патриоттық, мәдени және еңбек тәрбиесін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады.

         • Әр баланың жеке ерекшелігін ескеріп, жан-жақты дамуына жағдай жасайды.

         • Балалардың құқықтары мен денсаулығын қорғауға жауапты болады.